Нұсқаулық

Ресейге қатысты санкциялар: басымдығы жоғары тауарлардың жалпы тізімі

Жаңартылды 8 August 2024

Бұл аударма 2024 жылдың 15 шілдесінде жасалды. Осы бетте қолжетімді болатын ағылшын тіліндегі нұсқаулық Біріккен Корольдік үкіметі шығарған ресми нұсқаулық болып табылады.  Ағылшын тіліндегі нұсқаулықтың түпнұсқасына түзетулер енгізілгенін тексеруге өзіңіз жауапты боласыз. 

Бұл жазба басымдығы жоғары тауарлардың жалпы тізімінқамтиды. Жазба ресейлік қару-жарақ жүйелері мен олардың әскери дамуы үшін өте маңызды батыс тауарларынан тұрады. Тізім мезгіл-мезгіл жаңартылып отырады. Бизнес бұл тауарлардың Ресейге енуіне жол бермеуде шешуші рөл атқарады.

Ескертпе: басымдығы жоғары тауарлардың бұл жалпы тізімі біздің сауда санкцияларымыздың ауқымын көрсетпейді. Шаралар мен заңды міндеттемелердің толық тізімін Ресей нормативтік актілерінен қараңыз.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде Біріккен Корольдік Ресейдің әскери машинасын қаржыландыруды тоқтатуға, ауқымды экономикалық залал келтіруге және Украинаға ынтымақтастық пен қолдау көрсетуге бағытталған бұрын-соңды болмаған санкциялар жинағын енгізді.

Бұл Ресейдің Украина елінде заңсыз соғыс жүргізуіне біршама әсер ете отырып, Ресей экономикасын айтарлықтай әлсіретті.

Біріккен Корольдіктің сауда шаралары Ресейді заңсыз соғыс жүргізу үшін қажетті тауарларға, технологияларға және кірістерге қол жеткізу мүмкіндігінен айыруға бағытталған және ресейлік қаруды дамытуда маңызды рөл атқаратын батыс тауарларын жеткізуді шектеу арқылы оның әскери әлеуетін әлсіретуге ықпал етеді.

Тізім

Біздің халықаралық серіктестерімізбен бірге Біріккен Корольдік Ресейдің қару-жарақ жүйелерінде қолданылатын элементтерді анықтады. Олардың барлығы Біріккен Корольдік санкцияларына жатады. Бұл элементтердің көпшілігі Украинадағы соғыс алаңынан табылды. Оларға интегралдық схемалар және радиожиілікті (RF) қабылдағыш модульдер сияқты электрондық компоненттер кіреді. Қажетіншежаңартылып отыратын тізімге соғыс алаңында табылған электрондық компоненттер мен схемаларды өндіру және сынау үшін қажетті элементтер де кіреді.

Тізім төрт деңгейге бөлінеді. Бірінші және екінші деңгейлерде ерекше сезімтал элементтер бар. Бұл — ресейлік қару-жарақ жүйелері үшін үлкен қызығушылық тудыратын интегралдық схемалар және қосымша электрондық компоненттер.

  • 1-деңгей: Интегралдық схемалар (микроэлектроника деп те аталады)
  • 2-деңгей: Электрондық компоненттер, оның ішінде байланыс модульдері мен пассивтік электрондық компоненттер
  • 3А деңгейі: Ресейлік қару-жарақ жүйелерінде қолданылатын басқа электрондық компоненттер, жеткізушілердің кең ауқымымен
  • 3B деңгейі: Ресейлік қару-жарақ жүйелерінде қолданылатын механикалық және басқа компоненттер
  • 4А деңгейі: Электр компоненттерін, платаларды және модульдерді өндіру, шығару және сапасын тексеруге арналған жабдықтар
  • 4B деңгейі: Сандық басқарылатын машиналар мен компоненттер (CNC)

Тиісті тексерісті қамтамасыз ету

Ресей осы тізімдегідей шектеу қойылған тауарларды санкцияланбаған елдер арқылы сатып алуға тырысуда. Кәсіпорындар бұл тәуекелдерді ескеруі қажет. Кәсіпорындар бұл тауарлардың түпкілікті жеткізілетін жері Ресей емес екеніне көз жеткізу үшін тиісті тексерістен өткені жөн.

Біріккен Корольдік халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, санкциялардан жалтаруға қарсы күресуде, бұл соның ішінде Ресейдің біз салған санкцияларды айналып өту үшін пайдалануы мүмкін маршруттарды жабуды да қамтиды.

Басымдығы жоғары жалпы тауарлар

Деңгей HS6 коды Сипаттама
1 8542.31 Электрондық интегралдық тізбектер: Жадпен, түрлендіргіштермен, логикалық тізбектермен, күшейткіштермен, сағат және синхрондау тізбектерімен немесе басқа тізбектермен біріктірілген немесе біріктірілмеген процессорлар мен контроллерлер
  8542.32 Электрондық интегралдық тізбектер: Жадтар
  8542.33 Электрондық интегралдық тізбектер: Күшейткіштер
  8542.39 Электрондық интегралдық тізбектер: Басқа
2 8517.62 Дауысты, суреттерді немесе басқа деректерді, соның ішінде коммутация және маршрутизация жабдықтарын қабылдауға, түрлендіруге және беруге немесе қалпына келтіруге арналған құрылғылар
  8526.91 Радиолокациялық құрылғылар, радионавигациялық көмекші құрылғылар және қашықтықтан радио басқару құрылғылары: Радионавигациялық көмекші құрылғылар
  8532.21 Басқа стационарлық конденсаторлар: Тантал конденсаторлары
  8532.24 Басқа стационарлық конденсаторлар: Көп қабатты керамикалық диэлектриктер
  8548.00 85-тараудың басқа бөлімдерінде көрсетілмеген немесе енгізілмеген машиналар мен аппараттардың электрлік бөлшектері
3A 8471.50 8471.41 немесе 8471.49 қосалқы тақырыптарында көрсетілмеген деректерді өңдеу құрылғылары (олардың бір корпуста келесі құрылғы түрлерінің біреуі немесе екеуі бар-жоғына қарамастан): Сақтау, кіріс және шығыс құрылғылары
  8504.40 Электр трансформаторлары, статикалық түрлендіргіштер (мысалы, түзеткіштер) және индукторлар; олардың бөлшектері: Статикалық түрлендіргіштер
  8517.69 Дауысты, суреттерді немесе басқа деректерді жіберуге немесе қабылдауға арналған басқа құрылғылар, соның ішінде сымды немесе сымсыз байланыс құрылғылары
  8525.89 Теледидар камералары, цифрлық камералар және бейнекамералар
  8529.10 Негізінен немесе тек 8524-8528 тауар позицияларындағы жабдықтармен пайдалануға жарамды бөлшектер; барлық түрдегі антенналар мен антенна рефлекторлары; олармен пайдалануға жарамды бөлшектер
  8529.90 Негізінен немесе тек 8524-8528 тауар позицияларындағы жабдықтармен пайдалануға жарамды бөлшектер: Басқа
  8536.69 Коаксиалдық коннекторлар; цилиндрлік көп контактілі коннекторлар; тіректер мен панельдерге арналған коннекторлар; баспа тізбегі коннекторлары; таспалы немесе жалпақ кабельдік коннекторлар; басқалар
  8536.90 Электр тізбектерін коммутациялауға немесе қорғауға, сондай-ақ электр тізбектеріне немесе оларға қосылуға арналған электр құрылғылары: Басқа жабдықтар
  8541.10 Жарыққа сезімтал немесе жарық шығаратын диодтардан басқа диодтар
  8541.21 Дисперсиялық қуаты 1 Вт-тан аз жарыққа сезімтал емес транзисторлар
  8541.29 Фотосезімтал емес транзисторлар, басқа жерде көрсетілмеген және басқа ұстанымдарға енгізілмеген
  8541.30 Жарыққа сезімтал құрылғылар болып табылмайтын тиристорлар, диактар және триактар
  8541.49 Жарыққа сезімтал жартылай өткізгіш құрылғылар: Басқа
  8541.51 Жартылай өткізгіш түрлендіргіштер
  8541.59 Жартылай өткізгіш құрылғылар, басқа жерде көрсетілмеген және басқа ұстанымдарға енгізілмеген
  8541.60 Пьезоэлектрлік кристалдар
3B 8482.10 Шарикті мойынтіректер
  8482.20 Конустық роликті мойынтіректер, соның ішінде конустық және конустық роликті қондырғылар
  8482.30 Сфералық роликті мойынтіректер
  8482.50 Басқа цилиндрлік роликті мойынтіректер, соның ішінде сепаратор және роликті қондырғылар
  8807.30 Ұшақтардың басқа бөлшектері. Тікұшақтар немесе ұшқышсыз ұшу аппараттары
  9013.10 Лазерлік диодтардан басқа лазерлер; басқа оптикалық аспаптар мен құралдар: Қаруға орнатуға арналған телескопиялық көрініс
  9013.80 Лазерлік диодтардан басқа лазерлер; басқа оптикалық аспаптар мен құралдар, басқа жерде көрсетілмеген және басқа ұстанымдарға енгізілмеген
  9014.20 Авиациялық немесе ғарыштық навигацияға арналған аспаптар мен құрылғылар (компастардан басқа)
  9014.80 Басқа навигациялық аспаптар мен құрылғылар
4A 8471.80 Деректерді автоматты өңдеуге арналған машиналардың басқа құрылғылары
  8486.10 Машиналар мен жабдықтар: Шарлар немесе пластиналар өндіру үшін
  8486.20 Машиналар мен жабдықтар: Жартылай өткізгіш құрылғылар немесе электрондық интегралдық тізбектер өндіру үшін
  8486.40 Машиналар мен жабдықтар: Маскалар мен қорғаныс торларын дайындау немесе жөндеу үшін; жартылай өткізгіш құрылғыларды құрастыру үшін; жартылай өткізгіш құрылғыларды көтеру, орнын ауыстыру, тиеу немесе түсіру үшін
  8534.00 Баспа тізбектері
  8543.20 Сигнал генераторлары
  9027.50 Оптикалық сәулеленуді (ультракүлгін, көрінетін, инфрақызыл) пайдаланатын басқа да аспаптар мен жабдықтар
  9030.20 Осциллографтар, спектр анализаторлары және электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған басқа да аспаптар мен жабдықтар: Осциллоскоптар және осциллографтар
  9030.32 Кернеуді, токты, кедергіні немесе қуатты өлшеуге немесе тексеруге арналған басқа аспаптар мен жабдықтар: Жазу құрылғысы бар мультиметрлер
  9030.39 Кернеуді, токты, кедергіні немесе қуатты өлшеуге немесе тексеруге арналған басқа аспаптар мен жабдықтар: Жазу құрылғысы бар өзге де жабдықтар
  9030.82 Осциллографтар, спектр анализаторлары және электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған басқа да аспаптар мен жабдықтар: Жартылай өткізгіш пластиналарды немесе құрылғыларды өлшеу немесе тексеру үшін
4B 8457.10 Металл өңдеу орталықтары
  8458.11 Сандық басқарылатын металды кетіруге арналған көлденең жону білдектері, соның ішінде жону орталықтары
  8458.91 Сандық басқарылатын (көлденең жону білдектерінен басқа), металды кетіруге арналған жону білдектері (жону орталықтарын қоса алғанда)
  8459.61 Сандық бағдарламалық жолмен басқарылатын металға арналған фрезерлік білдектер (8458 тауар позициясының жону білдектері мен жону орталықтарын, бағыттаушы бастары бар білдектерді, бұрғылау білдектерін, бұрғылау-фрезерлік білдектерді, ысқылау білдектерін және иінді фрезерлік білдектерді қоспағанда)
  8466.93 Негізінен немесе тек 8456-8461 тауар позицияларындағы жабдықтармен пайдалануға жарамды еш жерде көрсетілмеген бөлшектер мен керек-жарақтар.