Ұлыбританияның Астанадағы елшілігі ұйымында жұмыс істеу
Нұр-Сұлтандағы Ұлыбритания елшілігінде жұмыс істеу
Ұлыбритания елшілігіндегі жұмыс кәсіби өсу және дарынды әріптестер тобымен ынтымақтастықтың бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Елшілік командасының бір бөлігі бола отырып, Сіз Ұлыбритания мен Қазақстан арасыныдағы ұзақмерзімді әріптестікті нығайтуда маңызды роль атқаратын боласыз.
Бос орындардың түрлері
Ұлыбритания елшілігі елшіліктің саяси, ақпараттық, коммерциялық және энергетикалық бөлімдерінде жұмыс істеуді қоса, кең мүмкіндіктер ұсынады. Алайда назар аударыңыз – біз бос орындарға хабарландыру берілген кезеңде толтырылып, электрондық поштамен жіберілген тек елшіліктің арнайы формаларын ғана (application forms) қараймыз және шектеулі ресурстарға байланысты басқа ұсыныстарға немесе түйіндемелерге жауап беруге мүмкіндігіміз жоқ.
Сұхбаттарға жұмсалатын шығындар
Елшілік басқа қалалардан келетін үміткерлер үшін көлік билеттері мен қонақ үйде тұру шығындарын өтемейді. Сұхбатқа шақыру алмаған үміткерлер олар алдын ала іріктеуден өткен жоқ деп санауларына болады. Ұлыбритания елшілігіндегі бос орындар туралы ақпарат алу үшін осы бетті тексерулеріңізді өтінеміз.